Кешегі күні ақпарат және баспа қызметкерлері арасында өткен дәстүрлі спартакиадасында «Рейтинг» газетінің ұжымы мен республикалық БАҚ-тардың өңірдегі меншікті тілшілерінен құралған «Рейтинг-Собкор» командасының алған жүлделер міне, мыналар. Тарихтың еншісінде қалатын, жемісті де, жеңісті күндерді еске салып тұратын жәдігер дүниеге айналды.
Командамыз бірнеше жүлделі орындардан көрінді. Арқан тартыс пен шахматтан алтын, стол теннисі мен шахматтан күміс, қыздар арасында өткен теннис пен шахматтан қоланы олжалады. Шағын футболдан үшінші орынға қол жеткіздік. Жалпыкомандалық есепте тек «Ернұр» командасын алға жіберіп, екінші орынды иелендік. Әріптестерімнің биылғы қарқыны жаман емес. Келер жылы бас жүлде біздікі болады деп ойлаймын.
Осы спартакиадаға қатысуда белсенділік көрсеткен әріптестерімізге, бізге қолдау білдірген, жанкүйер болған, тілеулес болған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Дәстүрімізден жаңылмайық. Меншікті тілшілер өзара ынтамығымыздан, береке-бірлігімізден ажырамайық.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
«Рейтинг» газетінің бас редакторы, «Жас алаш» газетінің ОҚО бойынша меншікті тілшісі.