Түркістанда бірнеше отбасы алаяқтарға алданып қалды

87483706_2571633983096741_5155881911251369984_o.jpg

Түркістан қаласы әкімінің аппараты шаһар басшылығының атынан жер телімдерін беру шешімін тұрғындарға сатып жүрген алаяқтарды ұстауға көмек сұрады. Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

«Құрметті түркістандықтар!

Қаламызда әкімдік атынан жер телімдерін беру шешімін тұрғындарға сатып жүрген алаяқтар бар екені анықталды. Бұндай құжаттың еш заңды күші жоқ! Келешекте бұл құжатқа сүйене үй көтеріп, оны заң аясында тіркеу мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз. Келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында абай болуларыңызды сұраймыз. Қазірдің өзінде алданған біршама отбасы қиын жағдайға душар болып отыр. Бүгін осы мәселе талқыланып, әкім бірнеше бөлім қызметкерлеріне тапсырма берді. Құқық қорғау органдары да бұл жайттарды тексеріп, алаяқтардың заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін жұмыс атқарып жатыр. Егерде, осындай әңгіме куәгері болсаңыз 102 нөміріне хабарласып, ақпарат берулеріңізді сұраймыз» делінген хабарламада.

аюп.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темекі – жүректің жауы!
  • «Куәгерлердің» қатарына кірмегенім үшін отбасымнан ажырадым
  • Түркістанда бірнеше отбасы алаяқтарға алданып қалды
  • 60 қойын сатып, 2 млн теңге шығынға батырды
  • 213 МЛН. ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО НА СЧЕТ КОРПОРАТИВНОГО ФОНДА СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ «ТҮРКІСТАН» ДЛЯ ПОСТРАДАВ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер