Астанада 14 жастағы жасөсіпірім 5 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, бетіне бірнеше жарақат салған. Оқиға көпқабатты үйдің лифтінде орын алған. Әлеуметтік желіде тараған осы бір адам шошырлық бейнероликті Астана қалалық полиция департаменті растады деп хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі.
Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, - деп атап өтті ведомстводан.
Сонымен қатар, ведомства шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін заңнамаға сәйкес оқшауланатынын мәлімдеді.
Қазіргі таңда зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.