Қытайға оқуға кеткен қазақстандық талапкер алданып қалды

414.jpg

64 қазақстандық талапкер қытайлықтардың оқу орталығына алданып қалды. Олардың бәрін Қытайдың «One Way to China» компаниясы алдап кетті. Нәтижесінде, компания болашақ студенттердің білім алуына және оларды университеттерге орналастыру үшін ақша аудармаған болып шықты. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Олардың өтірігі талапкерлер шетелге келгенде ғана әшкереленді. Қытайда білім алады деп ақшасын беріп қойған балалардың отбасын әуежайда ешкім күтіп алмады. Дипломаттардың ақпаратына сүйенсек, қазір қазақстандықтар жатақханаға орналастырылды. Ал Қазақстанның Қытайдағы елшісі бұл мәселенің басын ашу үшін әлгі оқу орталығының басшылығына шықты.

«Қазақстандықтарды тағы да білім беру компанияларын таңдауда қырағы болуға шақырамыз. Балаларды оқуға жіберер кезде ата-аналардан білім беру мекемелерімен алдын-ала байланысып және баланың университетке түскені туралы ақпаратты нақтылып, анықтауға шақырамыз»,-дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темекі – жүректің жауы!
  • «Куәгерлердің» қатарына кірмегенім үшін отбасымнан ажырадым
  • Түркістанда бірнеше отбасы алаяқтарға алданып қалды
  • 60 қойын сатып, 2 млн теңге шығынға батырды
  • 213 МЛН. ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО НА СЧЕТ КОРПОРАТИВНОГО ФОНДА СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ «ТҮРКІСТАН» ДЛЯ ПОСТРАДАВ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер