Түркістанда тегін дәрігерлік кеңес алуға болады

08.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді» деп тапсырды. Бұған дейін Мемлекет басшысының былтыр 10 маңызды ұлттық жобаны бекіткені белгілі. Соның бірі – Жолдауда айтылған 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы төрт мақсатты индикаторға қол жеткізуге бағытталған. Бастысы – санға емес сапаға жұмыс істеу. Ұлттық жобаның басты бағыттарының бірі – халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 2025 жылы 80 пайызға дейін арттыру. Бұл мақсатта Түркістан қаласында биыл іске қосылған Бірыңғай медициналық-ақпараттық call-орталығы отандық медицинаны жақсартуға үлес қосып келеді.

Түркістан қаласында өңірдің кез келген тұрғыны өңірдің денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді айтып, отандық медицина қызметін жақсартуға, сапасын арттыруға өз үлесін қоса алады. Ол үшін ұялы телефонда 1305 қысқа нөмірін терсе жеткілікті, бірден Қоғамдық денсаулық басқармасының жанынан құрылған тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай медициналық-ақпараттық call-орталықтың маманымен байланысады. Қоңырау шалу тегін.

Сall-орталықтың негізгі міндеті – облыстық медициналық қызметтердің жұмысын үйлестіруді жақсарту, азаматтардың барлық өтініштерін уақтылы бақылау, сондай-ақ ақпараттық-талдау орталығын құру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Бұл – «Бір терезе» қағидаты бойынша денсаулық сақтау мәселелерінде қала мен облыс тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған бірыңғай медициналық Call-орталықтың мамандандырылған бағдарламасы.

Тұрғындар Call-орталыққа қоңырау шалып, белгілі бір медициналық мекеменің немесе нақты маманның жұмысы туралы шағым жасап, денсаулық сақтау саласында кәсіби жауаптар ала алады. Call-орталыққа келіп түскен шағымдар шұғыл түрде қаралып, операторлардың қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігерлердің орынбасарларымен тікелей байланысы арқылы пысықталатын болады. Орталықта 12 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 10 оператор елге қызмет етеді. Олардың бәрі – медицина саласының өкілдері.

– Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар бойынша медициналық мекемелердің қайсысы жақсы жұмыс істеп жатқанын және қай мекеменің дұрыс жұмыс істемей жатқанына назар аударатын боламыз. Сонымен қатар дұрыс жұмыс істемейтін мекемелермен жұмысты жетілдіру мақсатында іс-шаралар жүргіземіз, – дейді Біріңғай медициналық ақпараттық call-орталығының қызметкері Ұлжан Омарханқызы.

Шағымдар негізінде тоқсан сайын облыстың медициналық ұйымдарының рейтингтері жасалады. Бұл бағдарлама халыққа қызмет көрсету саласындағы медициналық мекемелер жұмысының сапасын, жеделдігін және айқындығын арттыруға мүмкіндік береді.

1305 нөміріне ұялы телефондардан (барлық ұялы байланыс операторлары) қоңырау шалу тегін. Сонымен бірге WhatsApp арқылы 87711031313 нөмірі бойынша хабарлама қалдыра аласыз немесе 1305.kz@mail.ru электрондық почтасына хат жазуға мүмкіндік бар. Бұл орталық медицина мекемелері мен халық арасындағы байланысты жақсартып, қызмет сапасын арттырады деп жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер