Жуантөбеде де "Бәйтерек" бар

image_750x_5b0be0a146bb1.jpg

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен», «Туған жер» арнайы жобасы аясында Созақ ауданы, Жуантөбе ауылындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 1998 жылғы бітіруші түлектер Астана қаласының 20 жылдығына, Созақ ауданының 90 жылдығына орай өздері туып өскен, кіндік қаны тамған туған жерлеріне «Бәйтерек» монументін орнатты.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы мен 1998 жылы  бітірген түлектер атынан Қайратұлы Елнұр салтанатты түрде лентасын қиды. Б.Айдарбеков өз кезегінде ауыл тұрғындарына құттықтау сөз сөйлеп, туған жерге тағзым етіп, азаматтық іс жасаған жандарды аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.

Ашылу салтанаты мерекелік шараға арнайы шақырумен келген аудандық «Мыңжылқы»  мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Шараға қатысқан  ақ жаулықты әжелер шашу шашып,  қариялар ақ батасын берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер