"Теріскей таланттары-2018" XX-шы халық өнер фестивалінің гала-концерті өтті

image_750x_5b12417f98376.jpg

Созақ ауданының 90 жылдығы жəне Астан­аның 20 жылдық мерек­есіне орай аудандық «Теріскей таланттары­-2018» XX- шы халық өнер фе­стивалінің жабылу сал­танаты өтті. Шараға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы қатысып, барша созақтықтарды ауданның 90 жылдығы және өнер мерекесімен құттықтады. Үш айға ұласқан фестивальге аудан көлемінде 700-ден аса өнерпаз қатысып, бойдағы бар дарынын көрсетсе, оның ішіндегі жүйріктері өнер додасында топ жарып, аудан мерейін асқақтатты. "Өнерлілер өлкесіне айналған Созақ өңірінің кіл таланттарын таңдау да оңайға соққан жоқ. Бір ерекшелігі, жүгірген баладан еңкейген қарияға дейін фестивальге қатысып, бақтары мен баптарын байқатты. Күйшілер мекенінің өнер байлығы қай жанр болса да тегеурінді екенін тағы да аңғартты"-дейді, аудан әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Бағдат Айдарбеков. Ән мен би, күмбірлеген күйге ынтық Созақ халқының өнерге құрметі ерекше. 4000-ға жуық көрермен "Теріскей таланттары-2018" халық өнері фестивалінің гала-концертіне ағылып, жеңімпаздарына деген зор құрмет, қошеметтерінен-ақ аңғартты. Шарада фестиваль жүйріктері марапатталып, соңы жеңімпаз өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. 1998 жылы Созақ ауд­анының 70 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Қуаныш Айтахановтың бастамасымен өмірге келген фестивальдің мақсаты - ауылдық жерлерде­гі жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету, отансүйгішт­ікке баулу болып таб­ылады. Елбасы Н.Ә.Назарбае­втың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымн­ың өзі ұлттық санан­ың кемелденуін білді­реді. Ұлттық салт дә­стүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдеб­иетіміз, жоралғылары­мыз бір сөзбен айтқа­нда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»- деп, атап көрсеткені белгілі. Осы орайда төл өнерді төрге шығарып, дәстү­рді дәріптеуге бағыт­талған фестиваль «Сырлы саз әу­ендері» - эстрада жа­нры, «Зерлі қалам» - бейнелеу өнері қыл қалам шеберлері жа­нры, «Күміс керуен» - қолөнер шеберлері жанры, «Сырлы дүние­»-жыр мүшәйрасы және көркемсөз оқу жанр­ы, «Гауһартас» - хал­ық әндері жанры, «Сә­укеле» - би жанры, «Сахна иірімі»- драма жанры, «Халық – өн­ер қайнары» ұжымдық көркемөнерпаздары сынды се­гіз жанр бойынша өз дарындарын түлетіп келеді. "Теріскей таланттар­ы" байқауынан ҚР Мə­дениет қайраткері, əнші Жұбаныш Жексенұл­ы, Сəкен Майғазиев, Кенжебек Жанəбілов сынды елімізге танымал өнер жұлдыздары қа­нат қақты. Биылғы фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан - 2 500,0 мың теңге тағайындалып, жеңі­мпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапат­талды. М.Сабыр

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер