Бар мейірім - балаларға!

IMG-20190601-WA0127.jpg

Бүгін отырарлықтар 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. «Бар мейірім – балаларға» тақырыбындағы мерекелік іс-шараға аудан әкімдігі мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ұйытқы болды.
Мерекеге жиналған балалар мен ата-аналар қызықты сәттер мен түрлі спорттық сайыстардың куәсі болды. Алдымен балабақша тәрбиеленушілері арасында эстафеталық сайыс өтсе, одан соң балғын бүлдіршіндердің салған суреттері көпшілікті тәнті етті.
Мерекелік шарада сөз алған аудан басшысы Ерлан Айтаханов «Келешек ұрпақтарды тәрбиелеу, балалардың болашағы тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір сөзінен қамқорлықпен көрініс тауып келе жатыр.  Балалар - біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңгі алтын тұтқасы. Әрбіріміз солардың риясыз шаттығына себепші бола білсек, өмірдегі бақытымыздың мәні де сол болмақ. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен тарихи орындарға көптеп көңіл бөлініп, балалар туризміне де барынша қолайлы жағдай жасалса, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отырарлық бүлдіршіндерге арнап сый-сияпаттар жасауда.

 
Мұнан соң сөз алған музей директоры Ерсін Тәжібаев өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары екендігін, бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты, тәрбиелі, саналы болып өсуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын екендігін жеткізіп, бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген «Күлтегін», «Мұзбалақ» анимациялық фильмдері жеткіншектердің назарына ұсынылатынын айтты.
Мерейлі мерекеге орай бүлдіршіндерге әртүрлі сыйлықтар таратылып , естелік суретке түсті. Мұнан соң бүлдіршіндерге ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын тәрбиелік мәні зор анимациялық фильмдер көрсетілді. 
Ізгілікті шараның соңы аудан өнерпаздарының қызықты концерттік бағдарламасына ұласты.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер