Тіл – ұлттың рухани негізі

image.png       

          Ана тілің – арың бұл, 

         Ұятың боп тұр бетте. 

         Өзге тілдің бәрін біл, 

         Өз тіліңді құрметте! 

                                            Қадыр Мырза Әли 

      Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр халықтың өз ана тілі бар. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. 

       Ұлт  ұстазы А.Байтұрсынов: «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»,- деп,  тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір ауыз сөзге сыйдырған. Себебі, тіл – халықтың ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. 

       Қазақ халқы басынан талай қиындықтарды өткізсе де, өзімен бірге алып жүрген  байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі, салт-дәстүрі. 

       Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып, басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтыны тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге  қол жеткізіп,  егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде  мемлекетіміздің нышаны  –  ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. 

        Қорыта келе, тіл тағдыры – ел тағдыры еш уақытта ұмытпайық. Ақын-жазушыларымыз жырлаған тіл – қазақ тілі Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек! 

Арыстан Қалдарбеков, 

Жетісай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп

 орындату аумақтық бөлімі филиалының 

басшысы – аға сот орындаушысы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тіл – ұлттың рухани негізі
  • Сахнадағы сот пен сезім
  • Оқу залы – өмірдің сабырлы сабағы
  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер