Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті

Screenshot_7.jpg

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 11 желтоқсан күні  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналаған  М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасының Премьерасы өтті. Премьераға қаланың зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар қатысты. Қойылымға келушілер санында шек болмай, зал лық толды. 

"Жоғалған жұрнақ" - 1986 жылы Кеңес Одағы тұсында Алматы қаласында болған көтерілісті баяндайды. Желтоқсан оқиғасында қаладағы жастар тәуелсіздік үшін бас көтеріп, ел егемендігі, еркіндік пен бостандық үшін күресті. Осы оқиғадан соң Кеңес Одағының іргесі ыдырып, ісі кері кете бастады. Сондықтан да желтоқсан оқиғасының ел тәуелсіздігінде маңызы өте зор. Бұл оқиғаны өскелең ұрпаққа насихаттаудың маңызы өте зор.

Жазушы Мархабат Байғұт осы оқиғаны драма етіп жазып, оны көрермен назарына ұсынды. Драманы Жұмат Шанин театры сахналады. Театрға келуші жастар қойылымды өте жоғары бағалап, қойылымның шығармашылық ұжымына зор алғыстарын білдірді. Жазушы Мархабат Байғұт осы қойылымды ұйымдастыруға ат салысқан Шымкент қаласының мәдениет басқармасына, театр ұжымына ризашылығын жеткізді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер