Түркістанда қуғын-сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды

image_750x_5b0fe1e517b72.jpg

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Кітапхана бөлмесінде «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрмеге Түркістан гуманитарлық-техникалық колледж студенттері, қала тұрғындары және музей қызметкерлері қатысты. 

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімі ұйымдастырған шарада  бөлім инспекторы А.Кәрім баяндама оқып арнайы әзірленген көрме желісімен таныстырды. 

Көрмеге репрессия жылдарына арналған әдеби кітаптар, фотолар БАҚ-жарияланған мақалалар сондай-ақ қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Атаулы көрмені тамашалағандар нәубетті жылдардың қасіреті жайлы ой қозғап, ондай күндердің қайта келмеуін, тәуелсіз мемлекетімізде тыныштық пен береке, бірліктің арта беруін атап өтті.


«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер