Ел жүрегі Елордаға 20 жыл!

ef487985-7d03-4ac5-8aeb-9466c8c58e30.jpg

Бүгін Астананың туған күні. Сарыарқаның төрінде, ерке Есілдің бойында, Еуразияның кіндігінде осыдан жиырма жыл бұрын бой көтерген әсем Астана тек қана ел жүрегі емес, әлемдік саяси форумдар мен халықаралық спорт жарыстары өтетін үлкен аренаға айналды. 

Осы айтулы мерекені күллі Қазақстан тойлауда. Оның ішінде Отырар ауданы ерекше атап өтті. Ауданның бас алаңында басталған жастар сейілі жалпыхалықтық мерекеге ұласты. Астанамен түйдей құрдас Шәуілдір тұрғыны Нұрсұлтан Алмасұлы өзінің жүрекжарды лебізін былайша білдірді.

«Мемлекетіміздің жаңа орталығы Астана қаласына бүгін жиырма жыл толып отыр. Көркіне көз тоймайтын, әлем назары ауған қаламен құрдас екендігімді әрдайым мақтан тұтамын. Туған туыстарым туған күніммен құттықтаса, мен баршаңызды мемлекеттік мейрамға айналған Астана күнімен құттықтаймын!».

Мереке құрметіне алаңға жиналған көпшілік әуелеген ән, күмбірлеген күй тыңдап, би билеп, бірін – бірі құттықтап мәре – сәре болып тарасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер