Отырар ауданында «Ата Заңым-айбарым» атты мерекелік жиыны өтті

IMG-20180829-WA0085.jpg

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам–талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. 

Биыл Қазақстан  Республикасының   Конституциясына   23 жыл  толып  отыр. Осыған орай бүгін Отырар ауданында «Ата Заңым-айбарым» атты мерекелік жиыны өтті. Мемлекетіміздің негізгі іргетасы саналатын Ата Заңымыздың мерейтойына арналған жиынға келген көпшлік алдымен мәдениет сарайының фойесіндегі кітап көрмесін тамашалады.

Мұнан соң ұлт  аспаптар  оркестрі Б.Исаның «Мұрагер» шығармасын орындап сахна шымылдығын түрді. Салтанатты жиынның ашылуында мемлекеттік Әнұран шырқалып, мемлекетіміздің рәміздеріне құрмет көрсетілді. 

Мерекелік жиында Отырар аудандық  Әділет   басқармасының  Заң  қызметтерін  Үйлестіру  кеңесінің  төрағасы  әділет  басқармасының  басшысы  Ержан Исмайылов Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлі туралы баяндама жасады.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов аудан халқын мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық-әлеуметтік-саяси дамуын жеделдеткен конституцияның құндылықтарына тоқталды. 

- Әлемдік өркениеттің алдыңғы сапынан орын алуға бет түзеген ел тарихында жаңа кезең, нұрлы жолға бет бұрған, жаңа жетістіктерге толы кезең басталды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз да жарқын, сара да сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде шын мәнінде құқықтық демократияға кең жол ашылды. Еліміздің әрбір азаматына еркіндік пен таңдау құқығын қамтамасыз етіп отырған Ата Заңымыз өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Халық пен биліктің қарым-қатынасын реттеп, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындап берді. Ендігі міндет – жарқын болашағымыздың алтын арқауы болған Ата Заңымыздың арқасында қол жеткізген жетістіктерімізді сақтай отыра, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу керек, - деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

Ел тарихындағы маңызды және қастерлі мерекеде ауданның  қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне қосқан жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін әрі Ата Заңымыздың 23 жылдығына орай бір топ мұғалімдер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімінің  алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шара одан әрі мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, ауданның өнерлі жастары патриоттық әндерді әуелете шырқады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер