Қайрат Астанадан 5 қабатты ғимарат салып жатыр

05.jpg

Қайрат Нұртас жары Жұлдызды бұрынғыдан қарағанда көп қызғанып жүргенін айтты. Одан бөлек жеке кәсібі мен шығаршашылығы туралы  «Шыны керек» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Қазір Жұлдызды теледидардан ғана көретін болдық. Таңертең мәз болып жұмысқа кетеді. Кейде әзілдеймін “сен жұмысыңды менен де қатты жақсы көретін секілдісің”деп. Оны бұрынғыдан да қызғанатын болдым. Өзіне білдірмегенмен іштей қызғаныш болады. Жұмысында жерде қанша адам жүр дегендей. Бірақ Жұлдыз ақылды әйел. Ешқандай артық әрекетке бармайды”, – деді әнші.

Қайрат әншілігінен бөлек қолға алған жеке кәсібі жайлы айтты. Астанада 5-қабатты жаңа сауда орталығын салып жатқанын жеткізді.

“Әкем екеуміз Астана қаласында 3 жарым жыл бойы үлкен сауда орталығын салып жатырмыз. Ішінде барлық қызмет түрі қамтылған. Жақын уақытта ашылуын жасаймыз. Мәңгі әнші болып жүре бермейтін шығармын деп жеке кәсіпті қолға алған едім. Ол да халықтың берекетімен салынып жатқа дүние. Бәріне нәсіп етсін деп тілеймін”,- дейді Қайрат.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер