Мадина Сабыр республикалық байқауда Бас жүлдеге ие болды

Screenshot_4.jpg

Қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған заңның авторы, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, ақын, сазгер, жазушы Әкім Ысқақтың шығармашылығына арналған "Алтын ғұмыр" республикалық байқауы  мәресіне жетті.

Екі кезеңнен тұратын байқау аясында жазушының туындыларына арналған шығармалар мен өлеңдер жинақталып, іріктеуден өткен 20-дан аса туындының үздіктері анықталды

Нәтижесінде "Үздік шығарма" номинациясына Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Сабыр ұсынылып, Бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ,  "Үздік жыр" номинациясына астаналық Бекзат Ахмет, "Үздік видео туынды" номинациясына Батыс Қазақстан облысынан Айгүл Бауыржанқызы лайық деп танылды.

Байқауға қатыстырылған шығармаларды белгілі ақын - жазушылар сарапқа салып, туындылардың көркемділігі мен мазмұнына және сөздік қорды қолдану шеберлігіне мән берді.

Жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттар мен қомақты ақшалай сыйлықтар тағайындалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер