Жастар жылындағы ең алғашқы серпінді қадам

Screenshot_3.jpg

Жуырда ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі. Облыс орталығы атанған Түркістанды түрлентіп, қаншама құпиясы қойнауында бүркелген түркі жұрты кие тұтқан қасиетті мекеннің тарихи іздерін анықтау, жаңғырту  бағытында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Күлтөбе қалашығы маңайында археологиялық қазба жұмыстары басталып кеткені белгілі. 

Осы орайда,  Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми - зерттеу мәдениет институты мен Отырар аудандық Жастар орталығы бірлесіп алғашқы боп "Жастар жылына" орай бірқатар жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтыды.

-"Жуырда ғана жарияланған Жастар жылына қолдау білдіру, аудан жастарын жұмыспен қамту, баспана мәселесін шешу, әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсету мақсатында аудан әкімінің қатысуымен  жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің кезектен тыс отырысы өткен болатын. Аталған мақсатта қызу жұмыстар басталып та кетті. Ауданның 20-ға жуық жастарын киелі Түркістан қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына алып келдік. Алдағы уақытта да бұл орталықпен тығыз қарым-қатынас орната отырып, жас мамандар қажет болып жатса қамтамасыз етуге күш салатын боламыз. Ауданда қазір жұмыссыз жастар тізімі даярлануда. Түркістанды түлетуге қолдау білдіре отырып,  тиісінше басқа да салаларға қажетті жастарды түгелдей жіберуге атсалысамыз",-деді Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Дәурен Ақсақалов.

Бүгінгі таңда,  Күлтөбеде еңбек етіп жатқан 80-нен аса археологтың басым бөлігін жастар құрайды.

-"Отырар мен Түркістан бір-біріне жақын, әрі тарихы да тығыз байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімі Жастар жылымен ұштасуы да айтулы жағдай. Біз Отырар ауданының жастары тарихи жұмыстарға өзіміз белсене кірісіп, еңбегіміз арқылы қолдау білдіретінімізге қуаныштымыз. Көне қалаларды анықтау үшін ұқыпты, әрі зейінді болу басты орында.Жұмыс өте қызықты екен",-дейді отырарлық жас археолог Әли Сералиев.

Алдағы уақытта аудан әкімінің бастамасымен аудандағы жастардың еңбекке қабілеттігі ескеріле отырып, Түркістандағы қарқынды жұмысқа қажетінше жұмылдырылмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер