Төлеби ауданында 700-ге жуық мал бордақылау алаңы бар

Screenshot_3.jpg

Төлеби ауданында жалпы 682 бірлік мал бордақылау алаңшалары бар. Бүгінгі таңда оларда 7 956 бас мал бордақылануда. Солардың бірі Киелітас ауылдық округінің тұрғыны Гафуржан Халметов мал бордақылау ісін жандандыруда. 

Жеке кәсіпкердің мал шаруашылығымен айналысқанына 15 жылдан асқан. Бүгінде қожалық иелігінде 70 бас жылқы бар. Кәсіпкер ет өнімдерін аудан аумағына шығарып, халықтың сұранысын қанағаттандырып келеді. Г.Халметов отбасылық бизнесін дамытып, 4 ұлын осы кәсіпке баулуда. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отырған азамат берекелі ісін дамыту бағытында қажырлы еңбек етуде.

Түркістан облысы Төлеби ауданында жылыжай ісін кәсіп еткен шаруалар саны артып келеді. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Жандар Жолдықараев. Көксәйек ауылдық округі, Қазақстан елді мекенінің тұрғыны үйіргелік жерден аумағы 0,13 га болатын жылыжай салған.

Ол бірінші айналымға қияр дақылын екті. Диқанның айтуынша, жиын-терім жұмыстарына маусым айының соңында кіріседі. Жылыжайдан шамамен 10-12 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде Төлеби ауданы аумағындағы жылыжайлардың жалпы көлемі 20 гектардан асады. Биыл тағы 1 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер