Қазақстанда діни туризм дамыған

22222.jpg

       Ерекше табиғатымен туристерді көп қабылдайтын елдер арасында Түркия үшінші орында. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристерінің 46 пайызы келеді. Сонымен қатар Қазақстандықтар да жер көріп, демалу мақсатында жыл сайын теңіз жағасындағы тамаша табиғат аясынан табылатыны сөзсіз. Осы тұста Түркия неліктен туристерді тартқыш деген сұрақ туындайды. Біздіңше ондағы демалыс орындарының бағалары кез-келген саяхатшы үшін қолжетімді әрі керемет демалыс өткізуге мүмкіндік береді. 

   Ал енді Түркияға барған саяхатшылар назарына қай демалыс орындары ұсынылады десек, таза ауасымен ғажайып табиғатымен адамға адреналин сыйлайтын аймақтардың қатарында Анталия, Каппадокия, Бурса, Измир, Стамбул,Чанаккале, Кемер қалалары бар. Осындай көзқуантарлық жерлерінің арқасында Түркия туризмі жыл өткен сай келушілерді көбейтуде. Туризм саласы бүгінде бәсекелестікті, белсенділікті талап ететін табыс көзіне айналғандай. Ал туризмі мықты мемлекет атану үшін жан-жақты даму керек, тек қазба байлық бар екен деп, туризмді кейінгі қалдыруға әсте болмас. Бүгінде Түркияның мәдениеті мен қонақжайлылығы елді табыс көзімен толықтай қамдауда. Жаздың аптап ыстығында отандастарымыздың шетел асып саяхаттап келуінің де басты себебі қонақүйлердің қызмет көрсету сапасының жоғары болуында. Қазіргі таңда туризмді дамыта білген ел, мемлекет қазынасын толтырудың жолын тапқанмен пара-пар. Бұл жүйе дүниежүзілік мәселеге айналғалы қашан. 

Туризмі дамыған елдердің қатарында Қазақстанда бар.  Бізде туристерге ұсынатын тарихи жерлер молынан болғанмен, соның ішінде  600 жылдан аса уақыт бойы өз қалпын сақтап келе жатқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тарихы ерекше. Өткен жарты жылдықта 700 мыңнан аса шетелдіктер саяхаттапты. Елімізге келетін туристердің саны еселеп артып жатқаны бізді қуантады. Қазақстанның туризмі Түркия туризмі секілді әдемілікке боялдырмаған,  алайда біздегі терең тарих, бұрын-соңды көрмеген қазіргімен салыстыруға келмейтін дүниелер көрерменге ерекше шабыт беретіні анық. Түркістан – Қазақстанның рухани астанасы. Сонымен қатар тарихи туризм саласы бойынша таптырмас ордасы. Тарих толқынының символына айналған Түркістанды дәріптеуге сөз жетпейтіні рас. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшыларды рухани жаңғыртатын бірден бір қала да осы  –  Түркістан.  Қала тұрғындары қолда бардың қадірін білмегендіктен, «көрсе көз тоятын не бар?» деп ойлауы мүмкін. Дегенмен бой көтеріп тұрған бір ғана ғимараттың өзінде қаншама тарих дерек жатыр. Жалпы Қазақстанның біршама өңірлері кесенелерден тұрады. Мәселен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайында Есімхан, Рабия Сұлтан бегім және т.б. Оның өзі адам баласына пайдасын тигізбесе зиянын әлі ешкім дәріптеген емес.  Түбі бір түркі халықтарының атажұртында тұрғандықтан,  халыққа береріміз бөлек деген ойдамыз. Түркия –  туризмнің жаңашыл бағыты, ал Қазақстан –  туризм саласында дамудың кейінгі сатысына түскенмен, ескінің ұмыт болуына жол бермеген ел. Бүгінде Қазақстан жаңа туристік бағыттағы жобаларды қолға алуда. Қаланы көркейту, емдеу, сауықтыру шипажайларын ашу, тарихи орындарды қалпына келтіру сынды тірліктерді атқарып келеді. Елімізде 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында туризм саласы жаңа бағытта дамуда. 

«Сырт көз сыншы» дегендей, осы тақырыпқа сай шет елдіктердің де ойын білген едік. 

афталл.jpg

  Ефтал Шүкру БАТМАЗ, ХҚТУ-нің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы: 

 – Қазақстанның қандай туристік аймақтарында болдыңыз?  

 –  Алматы,Тараз, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, және Түркістан қалаларында қонақта болдым.

–  Туристерге қызмет көрсету жағы көңіліңізден шықты ма? 

 –  Қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы ұнады. Дегенмен, интернет сервисі бойынша қызмет көрсету жағы кемшін. Тұрғын үй бағасы басқа мемлекеттермен салыстырғанда біршама қымбаттау.

–   Түркия мен Қазақстан туризмінің айырмашылығы қандай? 

–   Түркияның барлық демалыс орындары тікелей теңізбен байланысты. Біздің елде де бірқатар тарихи жерлер бар, соған қарамастан келген туристердің тоқсан пайызы демалыстарын теңіз жағалауында өткізгенді ұнатады. Жаздың аптап ыстығында теңіз туризмі өте керемет. Ал Қазақстан болса экотуризмге қарағанда діни туризм бойынша жақсы дамыған. 

– ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жайлы не айта аласыз? 

   –  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тек қана Қазақстан үшін емес бүкіл түркі халықтары және мұсылмандар үшін қасиетті мекен. Қазіргі таңда кез-келген Түркиялық азаматтан Қазақстан жайлы сұрасаңыз толықтай білмеуі мүмкін. Ал Ахмет Яссауи мавзолейін біледі. Сондай-ақ кесене тарихи және діни-танымдық орталық болып табылады. Түркістан облыстық орталыққа айналғалы жаңа бағыттағы туристік нысандар көбейеді деп ойлаймын.  Менің ойымша, Қазақстан Орта Азияның жарық жұлдызы, жан-жақты  дамыған ел. Кең-байтақ жері мен қарапайым халқы бар, қазба байлықтары және тамыры тереңде жатқан тарихы бар. 

атаккк.jpg

    Ахмет АТАК, ХҚТУ журналистика кафедрасының 2-ші курс студенті.

   –  Түркия туризмі жайлы айтып берсеңіз және туристерге қай демалыс орындарын ұсынатын едіңіз?

   – Түркияда көбіне экотуризм жақсы дамыған. Туристерге Анталия, Айдын, Измир қалаларындағы демалыс орындарын ұсынар едім. Себебі ол шаһарлардың табиғаты керемет. Саяхаттаушыларға да қызмет көрсету сапасы жоғары. Түркияға саяхатшылар жаз айында ағылып барады. Себебі, Түркияның жазғы демалысы жанға жайлы. Сонымен қатар, Каппадокия сынды тарихи туристік аймақтарда бар.  

каппадок 1.jpg

– Түркия өзіне туристерді қалай тартады? Жарнамасы мықты ма әлде бағасы қолжетімді ме? 

  –  Әрине барлық затқа ең әуелі жарнама қажет және ол қайталанбас болуға тиіс. Жарнама неғұрлым еліктіргіш болса соғұрлым тұтынушы да көбейе түседі. Түркиялықтар тағамдарына жарнаманы жақсы жасаған. Мысалы, кебап дегенде бірінші ойымызға Түркия келеді. Бұл тағам түрі біздің елде ерекше сұранысқа ие. Демалыс орнының бағасы да қолжетімді. Шамамен 3 адамға 500 мың теңге бір аптаға жетуге тиіс. Сол қаржыға қонақ үй, үш мезгіл тамақтану кіреді.

– Болашақта Қазақстаннан туризмге байланысты қандай дүниелер көргіңіз келеді? Сізге туризмнің қай түрі ұнайды?

 – Маған Қазақстан өте ұнайды. Келешекте табиғи орындарын көргім келеді. Себебі жазғы туризмге қарағанда діни-танымдық туризмді жаным сүйеді. 

Түркістан қаласының  қазіргі жаңа технологияларды қолдана отырып қолда бар дүниені жұртшылыққа ұсынуын қалаймын. Түркия теңізге бай мемлекеттердің бірі және туристерде жасаған саяхаты үшін еш өкінбейтіні сөзсіз. Сондай-ақ Қазақстан да тарихи орындарға, кесенелерге өте бай бұл келген саяхатшыларға әдбен ұнайтыны анық.

 Сұхбаттасқан Нұрсұлу БӨКЕНБАЙ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 2-курс студенті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер