Қазығұрт ауданында Тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті

Қазығұрт ауданында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен пән мұғалімдерінің аудандық семинарлары өткізілуде. Осындай семинар жуырда Ынталы орта мектебінің базасында «Қазақстан тарихын оқыту тәжірибесіндегі сыни ойлау стратегиялары» тақырыбында өтті.
Screenshot_35.jpg

Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізектің айтуынша, Ынталы орта мектебінде тарих пәнінен өткен аудандық семинар өзінің мақсатына жеткен. 

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері, біздің алдымызға қойған міндеттері мен берген тапсырмалары бойынша барлық білім мекемесінде тиісті шаралар атқарылып, нақты жұмыстар істеледі. Тарих пәні бойынша ұйымдастырылған аудандық семинар сол тарихты тануға, балалардың бойындағы Отаншылдық сенімді арттыруға бағытталған. Сондай-ақ мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тарих сабағын ұтымды, ұтқыр тәсілдермен өткізу бойынша тәжірибе алмасты, - дейді ол.   

Семинарда тарих пәнінің мұғалімі Б.Майлитаев 7«ә»-сыныбында «С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында сабақ өткізді. Ол сабақта Арайлым Бақберген, Роза Қамбар атты оқушылар белсене қатысқаны үшін Қазығұрт ауданы білім бөлімінің алғыс хатына ұсынылды.  Сондай-ақ семинарға қатысуда ерекше көзге түскен оқушылар Бақберген Арайлым, Узен Кәусар, Мұрат Айкен, Тастан Нұрлыбек, Тұрдалы Ақерке, Төрегелді Расулға мектеп басшылығының алғыс хаты тапсырылды.  

Сонымен қатар Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Н.Тастемиров 8-сыныпта «Қырғыз (Қазақ) АКСР -ның құрылуы» тақырыбында сабақ өткізді. 

Ашық сабаққа сынып оқушылары белсене қатысып, сабақтың ашылуына үлес қосты. Осы және өзге де мұғалімдердің өткізген сабақтарына әріптестері жоғары баға берді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар рәміздерді құрмет тұта ма?
  • «Жілік ұстасу» дәстүрі өтті
  • Әкім «Достық үйіне» барды
  • Қариясы бар ел – қазынасы бар ел
  • Акцияға қолдау білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер