Ата-аналар үшін тренинг өтті

image.png

Жетісай ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде біртұтас тәрбие аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылып, ата-аналармен ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Директордың тәрбиі ісі жөніндегі орынбасары Н.Дәрібаеваның ұйымдастыруымен, педагог-психологы К.Әкімова мен сынып жетекшілер: С.Қасқабаева, Б.Дәрменова және М.Үсенова бірлесіп, 1 сынып ата-аналарымен «Таным қуанышы: Баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. 

Атап айтсақ:  11 сынып жетекшілері А.Жакупова және С.Ибрагимова, педагог-психологтар К.Әкімова, А.Жасұзаковамен бірлесе отырып 11 сынып ата-аналарымен «Сен жанбасаң лапылдап... Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында дөңгелек үстөл өткізді. 

Мақсаты: мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсету үшін ата-аналарға психологиялық көмек беру. Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.

Сондай-ақ  сынып жетекшілері Б.Орынбаева, Ш.Байділдаева және педагог психологтар А.Жасузакова, К.Акимова бірлесіп, 5 сынып ата-аналарымен «Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыбында жиналыс өткізді. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсеріне отбасы мен мектептің өзара әрекеті мазмұнындағы сабақ ата-аналар үшін өте пайдалы болды. 

Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау, мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай ақ берекелі отбасын мәдениетін дамыту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар жыл бойы жалғасын табатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер