«Өскенде кім боласың?»

image.png

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен бүгін «BOLASHAQ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және жоғары оқу орындарынын өкілдерімен бірге «Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру мен мамандықты таңдауға көмектесу жобасы болып өтті. 

Мақсаты: Әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу.

Міндеттері: Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту; Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру; Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Тікелей эфирге Facebook желісі арқылы 9-10-11 сынып оқушылары, олардың ата-аналары қатысты. Барлық эфирді «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің парақшасынан көруге болады. 

Бүгінгі тікелей эфирде: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің маркетинг, мәнсап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Жаннел Болатқызы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Серпін бөлімінің жетекшісі Байжұманова Лейла Төлеубайқызы,  Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тәрбие бөлімінің маманы Анас Бақдәулет Мұхитдинұлы қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар рәміздерді құрмет тұта ма?
  • «Жілік ұстасу» дәстүрі өтті
  • Әкім «Достық үйіне» барды
  • Қариясы бар ел – қазынасы бар ел
  • Акцияға қолдау білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер