Жалпы өңірлік өнім артып келеді

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында 2019 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалуы және жазғы демалыс айларында  балалардың бос уақытында сауықтыру демалысын ұйымдастыру жұмыстары туралы  мәселелер қаралды. 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаевтың мәлімдеуінше,  жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың алдын ала қорытындысымен 1 трлн. 650,5 млрд.теңге сомасында қалыптасқан. Алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 6,2 пайызды құрады. «Жалпы өңірлік өнімді жан басына шаққанда 833,8 мың теңгеден келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 153,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға артты», – деді А.Абдуллаев. Жиында облыс әкімі аудан басшыларына отбасылық шаруа қожалықтарын көбейту керектігін, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды тездетіп, Түркістан облысының аумағын дамыту, халқын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында 480 жобаны қазірден бастау қажеттігін  жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер