Орталық саябақтың шырайы кірді

image_750x_5b07c7b421cc7.jpg

Шымкенттегі бір ғасырға жуық тарихы бар орталық саябаққа биыл құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аумағы 8 гектарды құрайтын демалыс орнында бүгінде жаңа орындықтар мен қоқыс тастайтын құтылар орнатылуда. Сондай-ақ, мұнда 15 кісіге арналған 3 сәкі де қойылады. Саябақта бүгінде 56 орындық пен бірнеше құты алмастырылып үлгерген. Ал ескі орындықтар мен құтылар қайта жөнделіп, қала сыртындағы демалыс орындарына, этносаябаққа және жаңадан қолға алынған шатқалдарға қойылады деген жоспар бар. Демалыс орнындағы  ағаштардың кейбірі 100, кейінгілері 50, 60 жыл бұрын егілген. Жыл сайын мұнда жүздеген жас-дарақ жерсіндіріледі. Көктемде алуан түрлі гүл жайқалып тұрады. Былтыр саябақта 40-тан астам қылқан жапырақты ағаш пен 25 аққайың егілген.  Жалпы биыл Шымқаланың символына айналған қыр гүлінен 1 миллион 37 мың данасы егілді. Қаланы көріктендіруші мамандар гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Қызғалдақтар, мысалы, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр. Ал қызғалдақ гүлдеп болған соң орнына, 14500 шаршы метр аумаққа тагетис, катарантус, шафран, петуния, сальвия сынды жаздық гүлдер егілетін болады. Сондай-ақ, 29396 шаршы метр жерге егілетін раушан гүлдер де қала көшелерінің көркін аша түспек. Шымкентте қызғалдақтың жаппай гүлдеуі соңғы жылдары жағымды дәстүрге айналып келеді. 2017 жылы қала бойынша жарты миллионнан астам қызғалдақ егіліп, гүл ашқан болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер