Жәдігер табыстаушылар көбеюде

жадигер табыстаушы.jpg    

 Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттауға арналған тың жобалар ұсынғаны белгілі. Тұңғыш Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген  болатын. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын, мәдени-рухани ұстынды сақтап қалу, оны өскелең ұрпаққа жеткізу делінген. 

Осы орайда көне қала Түркістанда орналасқан "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің алар орны ерекше.  "Халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалпайтыны мәлім. Қазіргі бізге келіп жеткен осындай сирек кездесетін тарихи жәдігерлер үлгілері де кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында көне заттардың күнделікті тұрмысқа қажетсіз болып қалатыны бар. Алайда, сол заттардың халқымыздың өткен уақыттардағы өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда қаншалықты маңызы бар екенін ескере бермейміз. Музей үшін сол заттар халық жадын жандандыруға қызмет ететін, мамандардың зерттеулеріне арқау болатын, ондаған, жүздеген жылдардан кейін де болашақ ұрпақ таңдана тамашалайтын жәдігер болатын құнды дүние",- дейді музей  директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков. 

Мұрат мырзаның айтуынша мұражайға соңғы жылдары өз еркімен үйінде сақталған немесе тауып алған құнды заттарды, жәдігерлерді тапсыратындардың қатары көбейген. Бұған өз кезегінде мұражай басшылығымен жыл сайын ұйымдастырылатын «Музейге сый» акциясының септігі тиюде дейді мамандар. Мәселен Түркістан қаласының тұрғыны Әбілқасым Шошыбаев өз ауласын қазу барысында табылған IX-X ғасырларға тән қыш құмыраларды кесенеге жәдігер ретінде табыс етіп, тарихи құндылықтың музейде тұруын қалапты.  

Айта кетейік, акция барысында  елімізді айтпағанда көршілес Түркия секілді мемлекеттерден де жәдігер табыстаушылар табылып жатады екен. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер