Жаратылыстану пәндерінің аудандық семинары өтті

image.png

Отырар ауданы М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында жаратылыстану пәндерінің "Рухани құндылықтарды дамытуда жаратылыстану пәндерін интеграциялаудың тиімділігі" тақырыбы аясында жаратылыстану пәндерінің аудандық семинары өткізілді. 

Аудандық семинарда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберліктерін, пәнаралық байланыстарын арттыру, жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін дамыту, әдіс-тәжірибе алмасу жұмыстарын жетілдіру мақсаты қойылды. 

Жоспарға сәйкес, П.Айтменов мектебінен физика пәнінің мұғалімі Б.Абсалиева, Т.Ибрагимов мектебінен физика пәнінің мұғалімі Р.Саттарқұл, Абай мектебінен география пәнінің мұғалімі Р.Ибрагимова, М.Шаханов мектебінен физика пәнінің мұғалімі Ө.Мамырайымова, география пәнінің мұғалімдері К.Култаева мен Б. Нысанбаева жаңа әдістермен сабақ өткізді. Мектеп директорының бейінді орынбасары Д.Оспанов пен мінезгер Ж.Биімбетов ұстаздармен тренинг сабағында топтық жұмыс жүргізді. Сабақ барысында ұстаздар өзінің шеберлігін , ізденімпаздығын, жаңашылдығын көрсете білді. 

Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Сол себептен ұстаздар "Learning", "Kahооt", "Wordwall" платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын оята білді.

Әдіскерлер З.Жақыпбекова мен Ж.Қалманова кіріктірілген сабақтар бір-бірімен ұштасуын, ұстаздардың ізденісте болғанын, саминар мақсаты өз деңгейіне жеткендігін сөз етті. Ұжымға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер