Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Орынбасар Фариданың жетекшілігімен "Таза табиғи орта - Қазақстан 2050 стратегиясын іске асырудың негіздері" бағыты бойынша 7 сынып оқушысы Қожан Ақниет "Борсық майының емдік қасиеттері" тақырыбында ғылыми жоба жазып, эксперименттік тәжірибе жүргізді.
Бұл жобада Қожан Ақниет борсық жануарына жалпы сипаттама бере отырып, борсық майының құрамын және оның емдік қасиеттері бар екендігін анықтап, келешек өскелең ұрпаққа пайдасыз дәрілердің орнын табиғи өнімдермен алмастыруды насихаттап, кеңес берді.
Ғылыми жұмысты жазудағы мақсаты: Борсық майының пайдалы жақтарын атап қана қоймай, сонымен бірге тұрмыста борсық майымен жасарудың және иммундық жүйені қалпына келтірудің, тиімді тәсілдерінен тәжірибе жасау, көрсету.
Нәтижесінде оқушының борсық майынан жасалған қол және бет кремі теріні құрғатпайды, ылғалдандырады, тіпті қолыңызды бірнеше рет жуғаннан кейін де қасиеттерін жоғалтпайды. Беттегі пигметтік дақтарды кетіреді. Ақниет жоғарыда айтылған тәжрибені анасына жасап көрді. Жетістік бар.
Сонымен бірге борсық майына басқада қоспаларды қосу арқылы жасалынған иммунитет көтеруші витаминнің арқасында өзінің қан құрамын көтеріп керемет нәтижеге жетті.
Міне, осындай табиғи өнім Ақниеттің отбасына қуаныш сыйлады. Борсық майы олардың жанұясы үшін бет және қол кремі және де имунитетті көтеруші витаминіне айналды.