«Бала болашағы жарқын болу - тәлімді тәрбиеден»

image.png

Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - деп халық даналығы айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ әкенің отбасындағы тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы әкенің борышы.

Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт тағдыры әр азаматтың қолында екенін ұмытпаған жөн. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу және оны сақтаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында Сауран ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Әкелер мектебі» мен «Даналық мектебінің» жұмыс жоспарына сәйкес «Бала болашағы жарқын болу - тәлімді тәрбиеден» атты аудандық семинар-тренингтер, шеберлік сабақтары өтті. 

Семинарда Сауран ауданы білім бөліміне қарасты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Әкелер мектебінің» мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ыбыханұлы, Әкелер мектебінің төрағасы Жұмағали Оңдыбайұлы отбасындағы әкелерді отбасының ұйытқысы, берекесі, тірегі екендігін ерекше атап өтті. 

Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан», деп бекер айтпаған.

Қорыта айтқанда, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының ажырамас бір бөлігі болуы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер