Отырар ауданында ұстаздар мен оқушылар облыстық байқауға жолдаманы ұтып алды

Отырар аудандық білім бөлімі тарапынан аудан деңгейінде түрлі байқаулар мен пәндік олимпиадалар тұрақты ұйымдастырылып отырады. Жуырда А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен «Үздік қосымша білім беру педагогы – 2023» облыстық байқауының аудандық кезеңіне аудан мұғалімдері қатысып, өзара бақ сынасып, нағыз маманды анықтаған болатын. 

Screenshot_36.jpg

Байқаудың ұйымдастырушылары аудандық білім бөлімі. Білім бөлімінің мамандарының айтуынша, байқау тартысты, қызықты өткен. Жалпы байқауға 30 мектептен қосымша білім педагогтары мен үйірме жетекшілері қатысқан. 

«Байқауды ұйымдастырудағы біздің көздегеніміз – мұғалімдер арасындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстазды анықтау. Сонымен қатар үйірме жетекшілерінің өз біліктілігін арттыруға жағдай жасау, үздік жаңашыл үйірме жетекшісін іріктеу болатын» дейді бөлім мамандары. 

Байқау қорытындысымен Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектептің педагогы Жанна Өте бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Үздік деп танылған қосымша білім беру саласының мамандары арнайы білім бөлімінің алғыс хаттарымен, сый сияпаттарымен марапатталды.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігі білім бөлімінің тарапынан ұйымдастырылған оқушылар арасындағы «Алтын сақа» ойынының мектепішілік кезеңнен озып шығып, жүлдегер болған 3-4 сынып оқушыларымен математика пәнінен өткен олимпиадаға қатысты. Білім бөлімінің бас мамандарының айтуынша, ол олимпиаданың мақсаты – математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға, жаратылыстануға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, күрделі, логикалық есептерді шешуге баулу, математика заңдылықтарын түсінуге үйрету болып табылады. 

Оқушылар арасында өткен олимпиадаға аудан мектептерінен барлығы 98 оқушы қатысып, бақ сынаған. Тапсырмалар «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінен тікелей келіп, барлық облыстарда бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталды. Тапсырмаларды орындауға 60 минут уақыт беріліп, тест, «бос орынды толықтыр» есептері шығарылды. Қорытындысында қатысқан оқушылардың 45 пайызы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің диплом, сертификаттарымен марапатталады. 

Осы олимпиадада Ш.Қалдаяқов, Көкмардан, М.Әуезов, С.Әшіров және З.Қалауова атындағы мектеп-гимназиялары мен орта мектеп және бастауыш мектебінің оқушылары жоғары балл жинап, облыстық кезеңге жолдама алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар рәміздерді құрмет тұта ма?
  • «Жілік ұстасу» дәстүрі өтті
  • Әкім «Достық үйіне» барды
  • Қариясы бар ел – қазынасы бар ел
  • Акцияға қолдау білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер