Отырар ауданында білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы сайланды

Отырар ауданында білім қызметкерлерінің құқығы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан қорғалып келеді. Мұғалімдердің арыз-шағымдары мен өтініштерін қарап, олардың құқығының сақталуына бас болып келе жатқан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Шәуілдір ауылында есеп беру және сайлау конференциясы өтті. 

Screenshot_37.jpg

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасымның айтуынша, конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 60 делегаттың 55 қатысқан. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» дей келіп ел азаматтарының мүддесін жоғары қояды. Міне, сол ел адамдардың еңбек ұжымдары мен өндірістік кәсіпорында азаматтық құқығы қорғайтын бірден бір қоғамдық ұйым, ол – кәсіподақ. Президентіміз Қазақстан кәсіподақтары федерациясының ХХVІ съезінің делегаттарына жолдаған Жолдауында «Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі. Түрлі кәсіппен айналысатын еңбек адамдары – ұлт игілігінің қайнар көзі. Біз еңбекті Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы ретінде дәріптеуіміз керек. Бұл – менің нақты ұстанымым. Осыған байланысты кәсіподақтарға ерекше міндет жүктеледі. Бүгінгі кәсіподақ – Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі» дейді. Бүгінде аудандық кәсіподақтардың мәртебесін асыруға білім мекемелерінің қызметкерлері қосып отырған үлесі зор, - дейді Е.Қасым.  

Оның айтуынша, Шәуілдірде өткен білім қызметкерлерінің кәсібодақ конференциясына Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Отырар аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Арын және шақырылғандар қатысыпты. 

Ол конференция жұмысын Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым ашты. Оның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің 2019–2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрайымы Ш.Төлегенованың есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды.

Онда жарыссөзге Ш.Қалдыаяқов атындағы мектеп-гимназия директоры Т.Сәрсенбаев, Темір бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Аметова, С.Әшіров атындағы орта мектеп директоры Е.Серікбаев және Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Төлеген шығып, өз ой пікірлерімен бөлісті.                                   

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті. Конференцияда Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Егемберді Жанызақұлы Қасым қайта сайланды. 

Аудандық кәсіподақ жиынында  күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады. Жиын сонында аудандағы озат кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгілері және Құрмет грамоталары тапсырылды.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер