Төлеби ауданында «Асық ату» ойыны ойналды

Төлеби ауданындағы Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Ұлтымыздың ұлттық ойыны – тәлім-тәрбиенің көзі» атты іс-шара өткізілді. Оның ұйымдастырушысы, мектептің аға тәлімгер Розагүл Миркибаеваның айтуынша, іс-шараның мақсаты оқушылардың рухани- адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ұлттық мұраны сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. 

Screenshot_34.jpg

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу.

- Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау уақыт талабы. Осы ретте мектепте өткен іс-шараға барлық сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушыларға ұлттық ойын үлгілері таныстырылып, насихатталды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі саналған «Асық ату» ойынына оқушылар қызыға қатысты. Ұлдар арасында «Бес табан», «Бес асық» ойындары ойналып, қатысушылардың алғырлығы, мергендігі сынға түсті. Ойын қорытындысында, ұлттық ойындар арқылы балалардың, ептілік, дәлдік, тапқырлық пен байсалдылық қабілеттері дами түсті. Одан балалардың танымы кеңейе түскені анық, - дейді ол.

Аталған іс-шараны іске асыру мақсатында аға тәлімгер Розагул Миркибаева 3-сынып оқушыларна «Асық ату» ойыны туралы насихат жұмыстары жүргізілді. «Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдарына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады» дейді Розагүл Миркибаева. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер