Түлкібас ауданында химия және биология пәнінің мұғалімдері дөңгелек үстел басында бас қосты

Түлкібас ауданында білім ошақтарында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес химия және биология пән мұғалімдерінің аудандық семинары ұйымдастырылды. Ол семинар Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Білім берудің белсенді формалары» тақырыбында өтті. Оған аудан мектептерінен химия және биология пәнінің мұғалімдері мен жас мамандар қатысты. 

Screenshot_33.jpg

Аудандық білім бөлімінің химия-биология әдіскері Жұлдыз Аманжолдың айтуынша, бүгінгі күні химия және биология пәндеріне қойылып отырған талап жоғары. Осы мақсатта жастарға көңіл көп бөлінуде екен. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында мұғалімдердің  жалақысы көтеріліп, бар жағдайдың жасалып жатқанын айтты. Сонымен бірге мектептердің де материалдық жағдайы жақсартылуда. «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа білім ошақтары салынуда. Ендігі кезекте мұғалімдерге қойылып отырған талап – оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Осы ретте ауданда химия және биология пән мұғалімдерінің басын қосып, дөңгелек үстел басында пікір алмастық. Жалпы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – білім алушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа  инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс, - дейді ол. 

Жиын барысында Абай мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Сәния Мұсабекова, Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Мұхабат Жалтаева, Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі педагог-сарапшы СевдаиШимшилова мен химия пәні мұғалімі педагог-сарапшы Балжан Ахаева, И.Рыбалко атындағы мектептің Балхия Аяпова өз ой пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Бұл мұғалімдердің педагогикалық еңбек өтілімі мен санаты әртүрлі болғанымен, барлығы жоғары деңгейде өздерінің күнделікті сабақтарда қолданатын әдіс-тәсілдері туралы айтып, шеберліктерімен бөлісті. 

Дөңгелек үстелдің соңында Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Аймгүл Юсупбекқызы «QR-code әдісі арқылы рефлексия жүргізу» атты әдіс-тәсілімен бөлісті. 

- Ю.Гагарин атындағы мектеп базасында өткен семинар түріндегі дөңгелек үстел барысында мұғалімдер көп ақпарат алды. Жалпы онда спикерлердің жасаған баяндамаларын қорытындылай келе, қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған тапсырма ол оқушыларды сабаққа қызықтыру. Себебі дәстүрлі репродуктивті білім беру, оқушының пассивті бағынышты рөлі қазіргі оқушыларға болмайды. Қазіргі оқушылар бағынғысы келмейтін альфа балалар. Республикамыздың білім беру жүйесі түбегейлі қайта құрылып, оқытудың белсенді әдістері енгізілуде, оның барысында оқушылар өз бетінше функционалдық сауаттылықты дамытады, белсенді түрде білім алады, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда коммуникативті дағдыларды дамытуға және проблемаларды шешуде шығармашылықпен айналысуға ұмтылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет, - дейді Жұлдыз Аманжол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер