Төлеби ауданының Ханарық ауылы табиғи газға қосылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр. Атап айтар болсақ, Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округі Ханарық елді мекеніне табиғи газ тартылды. Елді мекенде 247 үй, 2 мыңға жуық тұрғын бар. Бұған қоса, қазіргі кезде Қасқасу және Қоғалы ауылдық округіне қарасты ауылдарға газ құбыры тартылуда. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ауылдық аймақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

image.png

Тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген аудан әкімі Төлеген Телғараев алдағы жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, аудан аумағы 100 пайызға табиғи газға қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Төлеби ауданында елді мекендерге сапалы ауыз сумен жеткізу мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

Шараға қатысқан ақсақалдар атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың атынан алғыс айтты. Ал сала мамандары ауыл тұрғындарына табиғи газды қолдану бойынша кеңестер берді. Табиғи газды тарту үшін ауыл тұрғындары есепшот ашып, есептегіш құралдарын орнатуы керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер