Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні өтті

Түркістан облысында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов қатысты.

image.png

Іс-шараның мақсаты кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту, осы арқылы бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу болып табылады.Шараға облыстық Прокуратура, Мемлекеттік істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, саладағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасады.

Аталған іс-шараға аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер, білім саласындағы бақылау, төтенше жағдайлар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу және метрология, әділет, экология, геология және табиғи ресурстар, полиция департаменттері, сонымен қатар бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.

Жиын соңында, есеп беру қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен келісілген хаттамалық шешім қабылданды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер