Түркістанды дамытуға 1,3 трлн теңге инвестиция бағытталады

Түркістан облысында Түркістан қаласын 32 секторға бөліп, аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларды жауапты етіп, жұмысты жүйелеу өз жемісін беру үстінде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әр секторды аралап, қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Барлық секторда жұмыс қарқыны жоғары. Қала күн сайын қоқыстан тазартылып, гүлзарлар, саябақтар жайнай түскен.

image.png

Түркістан қаласының «Жасыл белдеуінде» жеміс ағаштары да өсірілуде. Бұл жұмыстарға агрономдар, мамандар, кәсіпкерлер, қала тұрғынд

– Бұрынғыға қарағанда бұл жерде көп өзгеріс болып жатыр. Көгалдандыру, тазалық, абаттандыру жұмыстары өте жақсы. Облыс болғалы осындай жақсылықтарға куә болудамыз. Бұрын бұл «Жасыл белдеу» мен жаңа шағынауданның орны дала-тұғын. Даланы көркейтіп, жағдай жасап жатқан басшыларға рахмет, – дейді шаһардағы жағымды өзгерістерді жоғары бағалаған Түркістан қаласының тұрғыны Әшім Алдабергенов.

Биыл ел Үкіметі Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. 123 нысанның құрылысы аяқталды. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 1,3 трлн теңге инвестиция бағытталады. Бұл қолдау мен жоспарлар Түркістанды Орта Азиядағы ең көрікті шаһарлардың біріне айналдыруға серпін беретіні сөзсіз.

Әсіресе, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды. Жан жадыратар жаңалықтар мен көз қуантатын өзгерістерді ел қазірдің өзінде сезіп-біліп отыр. Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер