Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі

7.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткізілген аппараттық жиында бюджет мәселесі қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан бюджетінің 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен атқарылуы және 1 қарашаға болжамды атқарылуы туралы ауданның қаржы және экономика бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев баяндама жасады. Аудан бюджетінің 10 айдағы болжамды игерілуі 99,5 %-ға күтілуде екенін жеткізді.

Аудан басшысы бюджет қаражатын игере алмаған жағдайда мекеме басшыларына шара қолдану қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, аудандық статистика басқармасының басшысы Н.Бекжановтың аудан аумағында ұлттық халық санағын өткізу барысы туралы есебі тыңдалды. «Ағымдағы жылдың қазан айында аудан бойынша дәстүрлі негізде аралау кезінде санақ парақтарындағы сауалнамаларға жауап беріліп, жалпы онлайн негіздегі сауалнама мен дәстүрлі аралау кезіндегі сауалнама жалпы халық санына шаққанда 103%- ын құрады» - деп өз баяндамасында халық санағының жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Соңғы мәселе, жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтардың қол жетімді мал азығымен қамтамасыз ету барысы туралы ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің міндетін уақытша атқарушы М.Тұрлыбеков атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне ағымдағы жылы бөлінген қаржыны толық игермеген мекемелерге жыл соңына дейін қаржыны толығымен мақсатты игеруді және халық санағын жоғары деңгейде жүргізуді жүктеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер