Жетісай ауданының екі мың оқушысы «Таугүл» және «Қуаныш» лагерінде демалды

Жетісайлық 2 мың оқушы Төле би ауданындағы «Таугүл» мен «Қауныш» лагерлерінде демалуда. Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаеваның айтуынша, мектеп оқушыларының асыға күткен жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалдыру жоспарланған. 

Screenshot_17.jpg

- Төле би ауданындағы «Таугүл» лагерінде жаз басталғалы 530 бала демалса, тағы 360 баланы жіберу жоспарда бар. Одан бөлек, бүгінде «Қуаныш» лагерінде тағы 100 бала демалып жатыр. Аталмыш демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, республикалық деңгейдегі ерікті психологтар мен мамандар балаларға дәріс өтуде. Түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар таныстырылуда, - дейді ол. 

Лагерьдің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексеріліп, оқушыларға 5 мезгіл тамақ беріледі. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етеді. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. 

Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізілуде. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер және би кештері ұйымдастырылып отырады.

- Бүгінгі таңда лагерьде балалардың рухани тұрғыда санасын серпілту мақсатында жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі спорттық ойындар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. 5 мезгіл тамақтандыру жолға қойылған. Балалардың жазғы демалысын дұрыс өткізулері – жаңа оқу жылына тың серпін беретіні анық, - дейді Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева.

Одан бөлек, бөлім тарапынан мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьлерде 14 480 оқушы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер