Түркістан облысының колледждеріне 15300 грант бөлініп, студенттерді қабылдауда

Түркістан облысы тұрғындары үшін қуанышты жағдай орын алуда. Атап айтсақ, биыл Түркістан облысындағы колледждерге мемлекет тарапынан 15 300 грант бөлініп отыр. Қазіргі таңда барлық арнаулы оқу орындары талапкерлердің құжаттарын қабылдауда.

Screenshot_44.jpg

Алайда бұл мерзім 20 тамызда аяқталатынын ескерген жөн. Жауапты басқарма және колледж директорларымен арнайы мәжіліс өткізген облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев әрбір ауылға дейін үгіт-насихатты белсенді түрде жүргізуді тапсырды.

– Өңірімізде демографиялық ерекшелігіне сай мемлекет тарапынан колледждерге гранттар бөлінді. Енді осы гранттарды толық игеру керек. Ауыл-аймақтарға насихат жүргізіп, жастарды тегін оқуға шақырыңыздар. Кейбір ата-аналар, жастар бұл мүмкіндіктен хабарсыз болуы мүмкін. «Жастар орталықтарымен» бірлесе жұмыс атқарыңыздар. Бізге жастардың білім алып, мамандыққа ие болып, жұмыс істегендері маңызды, – деді Бейсен Тәжібаев.

Мәжілісте колледж директорларының ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Сонымен бірге Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, Дін істері басқармасының басшылары да пікірлерін айтып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Білімге жауапты басқарма тарапынан колледжер мәселесі тұрақты бақылауда болады. 

Түркістан облысының арнаулы оу орындарына 2023-2024 оқу жылына  мемлекеттік тапсырыс аясында 15300 орын бөлінген. Республикалық бюджеттен – 14618, жергілікті бюджеттен Облыстық денсаулық басқармасының ұсынысы бойынша медицина саласына – 650, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұсынысымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатарынан білікті кадрларды даярлайтын Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжде 31 орын қарастырылған.  Студенттерге 21787 теңге көлемінде стипендия төленеді. Ал экологиялық аймақтарда стипендия 27 мың теңгеге жетеді. 

Осы жылдың басынан бастап барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмысшы мамандықтарды дәріптеуде кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар наурыз-сәуір айларында облыстағы барлық орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып түлектері мен ата-аналары үшін колледждер «Мамандықты дұрыс таңдайық» атты көшпелі дөңгелек үстел өткізген болатын. Колледждерде 9-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі «Менің болашақ мамандығым» атты ашық есік күндері ұйымдастырылды. 

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы  Ернар Бектаевтың айтуынша, барлық аудан, қалада оқу орындарына бөлінген гранттар, «Серпін» және өзге де мемлекеттік бағдарламалар бойынша үгіт-насихат жүргізілген. 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тұлғалар арасындағы конкурс «BilimLand» ЖШС-нің SmartNation College ақпараттық жүйесі  арқылы іске асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын 43 колледждің тізбесі анықтаған. 

Адами әлеуетті дамыту басқармасының сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшасында қабылдау бойынша инфографикалар мен ақпараттық түсіндірме бейнероликтер жарияланып, өңірлік call-орталық құрылған. Талапкерлердің өтінімдерін қабылдау  колледждердің қабылдау комиссияларында және «Электрондық үкіметтің» www.egov. kz вeб-порталы арқылы жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер