Түркістан облысында «Мектеп жәрмеңкелері» ұйымдастырылады

Түркістан облысында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы басталды. Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Айгүл Қасымбекованың айтуынша, биылғы «Мектепке жол» акциясы «Жақсылықты жаса» ұраны аясында өткізілмек екен.

Screenshot_65.jpg

«Балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы көтере бермейтіні рас. Осы ретте дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл «Жақсылықты жаса» ұранымен басталып, еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі», - дейді ол. 

Сонымен бірге Айгүл Ерғалиқызы жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алатындығынына да тоқталып өтті.

– Әрбір азамат акция аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындау үшін атаулы көмек көрсетуде белсенділік таныта алады. Балалардың мектепке жолы қуанышты болуы үшін балаларға шынайы қамқорлық пен назар аудару қажет. Акцияны ұйымдастырушылар қатарына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, білім басқармалары, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер және кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың мүшелері, басқа да мүдделі тараптар кіреді. Биыл жалпыға міндетті білім қоры есебінен 32 мыңнан аса балаға 40567 теңге көлемінде көмек көрсетіледі, - деді ол.

Ал Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбайұлы болса, «Мектепке жол» акциясына кәсіпкерлер аудан, қала әкімдіктерімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, сондай-ақ, мектеп формасы мен  оқу құралдарын халыққа қол жетімді бағада ұсыну үшін жәрмеңкелер ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді. 

 – Қазір біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып мектеп тауарларын өндіретін кәсіпкерлерімен келіссөз жүргіздік. Осы ретте мектеп формасына қатысты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 17 аудан, қала әкімдіктерінің шалғай ауылдарында «Мектеп жәрмеңкесі» өткізіледі, - деді ол. 

Облыс аумағында 4 кәсіпорын және 5 жеке кәсіпкер айына 15 мың дана мектеп формасын тігуге мүмкіншілігі бар. Ал аяқ киім тігумен Арыс қаласында «Арай» ӨК айналысуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер