Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты №1 балалар және өнер мектебі ұстаздары мен оқушылары, мектептен тыс жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін «Өмір тозсада өнер тозбайды» атты тақырыбта концерттік іс-шара ұйымдастырды.
Концерттік бағдарлама барысында күй тартылып, қазақ халқының қазынасы болып саналатын халық әндері айтылды.
Сондай-ақ, қазақ ақындарының поэзияларынан өлеңдері оқылып, бишілер түрлі би билеп концертке келген көрерменнің көңілінен шықты.
Іс-шараға өнер мектебінде білім алып жатқан оқушылар мен ата-аналар қатысты. Табиғи дауыспен ән шырқаған шәкірттердің өнері де жоғары бағаланды.
Алдағы уақытта да балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.