Түркістан облысында 8 мектептің құрылыс жұмысы кестеден кешігуде

Түркістан облысында 8 білім ошағының күрделі құрылыс жұмыстары кестеден кешігіп келеді. Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымованың айтуынша, оқу ағарту министрлігі барлық аймақтарда кешенді мониторинг жұмыстарын бастаған.

Screenshot_85.jpg

Министрдің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті сегіз мектеп анықтап, сонымен қатар мониторинг барысында 14 мектептің жүріп жатқан күрделі жұмыстарына баса назар аударған. 

- Бүгінде жөндеуден өтіп жатқан мектептердің 35 пайызы 1970 жылдары салынса, 35 пайызы 1980-1989 жылдары салынған білім ошақтары. Ал 30 пайызы 2005 жылдан кейін пайдалануға берілген. Қазіргі таңда облыста мектеп ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқан бес мектеп, ал шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан жеті мектеп, электр жүйесі, демонтаж, ішкі су, кәріз жүйесі, терезе, шатыры жөндеуден өтіп жатқан бір мектеп, күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған бір мектеп бар. Жоспар бойынша 2023-2024 оқу жылына 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылса, бес мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріледі деп күтілуде, демек бес мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы Қаратөбе жалпы орта мектебі мен «Қостөбе жалпы орта мектебі. Одан бөлек, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептері. Осы ретте жөндеу жұмыстары кешіктірілген мектептердің оқушылары көрші мектептерге тасымалданады деп жоспарлануда, - дейді Жанар Сатыбалдықызы.

Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан үш мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды. Бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары мен лицензияға қосымшалары берілмеген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер