Балаларды қуантты

image.png

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында кәсіпкерлер қатары жыл жылжыған сайын артып келеді. Өнім өндірудің түрлі салаларында тер төгіп жүрген кәсіп иелері демеушіліктен де алдыңғы қатардан көрініп келеді. Қазығұрт аудандық мектебінде биылғы оқу жылында білімгерлер үлкен қуанышқа кенелді.

Кәсіпкер Мақсұт Абылай Тайыржанұлының демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы аясында МАД, 1-4 сыныптың 270 оқушысына спорттық аяқ-киімдер берілді. Мектеп оқушыларының ұлдар волейбол командасына фирмалық 10 спорттық киім, қыздар командасына 10 спорттық киімдер берілді.

Тағы 30 спорттық киімдер 1-тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқуын ынталандыру мақсатында үздік оқыған, тәртібі үлгілі, түрлі байқаулардың жеңімпаздарына берілетін болып келісіліп, мектепке берілді. Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы демеушілік жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданының   білім  бөлімінің  А.С.Макаренко атындағы  жалпы орта  білім беретін мектебінде  2023жылдың 1 тамыз - 1 қыркүйек күндері аралығында "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында «Жақсылықты жаса» атты  іс шара өтті. Акцияның мақсаты- аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болды.  Аталған  іс-шара  Қарабау ауыл округінің  әкімшілігі атынан  көп балалы отбасынан шыққан екі оқушыға мектеп сөмкесін табыстаумен басталды.   Сонымен қатар,  ауыл тұрғындарының, мектеп әкімшілігінің  демеушілігімен «Алатау» тігін фабрикасынан  мектебіміздің  бес оқушысына  мектеп формасы, екі оқушыға мектеп сөмкесі  берілсе,  1 сынып оқушыларына мектепке қажетті құрал жабдықтары табысталды.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында Қазығұрт ауданы   бойынша 70 мемлекеттік мектеп есігін айқара ашты.Соның ішінде 2570 оқушы 1-сыныпқа қабылданды.  Бір қызығы, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде 32 егіз,оның ішінде 21- қыз бала, 11  ұл бала   1-ші сыныпқа барып, алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысқан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер