Полиглот оқушылар сайысқа түсті

image.png

Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды. Қазіргі уақытта көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Осыған орай, білім ұйымдарының үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Осы ретте  Қазақстан халықтары Тілдері күні мерекесіне орай жасалынған жоспар аясында түркістандық полиглот оқушылар сайысқа түсті. «Мен көп тілді білемін» деп аталған байқауда қатысушылар екі кезеңде бақтарын сынап, тілге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтаумен қатар көп тіл білудің маңыздылығын, мұндай сайыстар білімді тереңдетуге зор мүмкіндік екендігін жеткізді.

Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру және оқу құзыреттілігін дамытуды мақсат еткен байқау барысында 9-10 сынып оқушылары алдымен өздерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) таныстырып, келесі кезеңде шығарманы ағылшын тілінде жатқа айтып шықты. Нәтижесінде полиглот оқушылар арасынан жүлдегерлер анықталып, бөлімнің марапатына ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер