Түркістан қаласында ерекше балалардың армандары орындалды

Түркістан қаласында «Армандар орындалады» іс-шарасы өтті. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаевтың айтуынша, бұл шара Түркістан қаласында он екінші рет ұйымдастырылып отыр екен. «Армандар орындалады» шарасының балаларға берері көп. Оған Ордабасы және Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан келген ерекше балалар қатысты. 

Screenshot_34.jpg

Тілектері жазылған хаттарының арқасында қала басшысының қолдауымен шараға келген балалар Түркістанның көркем жерлерін аралап, «Керуен сарай» туристік кешенінде қайықта серуендеді. «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ерекше балаларды жігерлендіру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев оларға алғыс хаттар тапсырды. Онда «Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз, білім мен ғылымға деген талпынысыңыз үлкендерге де күш-жігер береді. Қазақ елінің жас ұрпағы, болашақтың жарқын өкілі ретінде мақтан етеміз» делінген.

– Балалар да, ата-аналары да керемет көтеріңкі көңіл-күймен атсалысты. Осымен 203 ерекше баланың арманын-тілегін орындаған жоба алдағы уақытта да ниетті жандардың атсалысуымен жалғасады деп сенемін. Демеушілер де түрлі сала мамандары. Бұл жолы Жетісай ауданы әкімі бастаған ондықта Сауран ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, белгілі актер Шәкен Амантұров, астаналық кәсіпкер Рафия Бижанова да бар, – дейді жоба авторы Әсел Бимырзаева.

Айта кетейік, жоба мақсаты – ерекше балалардың қарапайым армандарын орындау арқылы өмірге деген қызығушылықтарын арттыру, қоғамда елеусіз қалмайтындарын, әрқашан көмекке келетін жақсы адамдардың бар екенін жеткізу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер