Елімізде 5 қазан – мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы қошеметке бөленуде.
Осы орайда Сайрам ауданы білім бөлімінің мәжіліс залында ауданымыздың үздік ұстаздары марапатталып, құрметке бөленді.
Атап айтар болсақ білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының оқу ағарту министірі Ғ.Бейсембаевтің Алғыс хатымен және Түркістан облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен ауданның үздік ұстаздары марапатталды. Сондай-ақ Сайрам ауданы білім бөлімі басшысы Г.Тынымбаеваның Алғыс хатымен білім беру саласын дамытуға зор үлестері үшін аудан ұстаздары марапат төрінен көрінді.
Ұстаздар қауымы қай кезде болмасын сый-құрметке ие. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айта отырып, толағай табыстар тілейміз. «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» - деп қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев айтқандай, елдің ертеңі үшін енгізіліп жат¬¬қан түрлі бағдарламаларды именбей игеріп, жатсынбай жас ұрпақтың санасына сіңіруде сіздердің үлестеріңіз мол. Алдағы күндеріңізге сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!