Шардарада жаңа мектептің құрылысы басталды

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған орта білім беру ұйымдарында апатты объектілерді үш ауысымда оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында қолға алынды. Аталған жоба бойынша №4 шағын ауданда 1200 орындық, «Өтеғұл» шағын ауданда 300 орындық жайлы мектептің құрылыстары басталды. «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясысының төрағасы,аудандық мәслихат депутаты Б.Раймуханов және Шардара аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының төрағасы Т. Жалғасбаев нысандардың құрылыс жұмыстарын бақылап, мән-жайымен танысты. Екі нысанда да шұңқырлар (катлован) қазылып, іргетас табанын құю жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын Партиялық бақылауға алып, әлеуметтік желілері арқылы хабарламалар жарияланып отырады.

Сала мамандарының мәліметінше Шардара ауданы бойынша 31 мектеп (31 мемлекеттік), 19515 оқушы бар.  40 мектепке дейінгі ұйымда (17 мемлекеттік, 22 жеке меншік,  1 шағын орталық) 4552 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Мектептердің информатика пәні кабинеттері 3837 компьютермен жабдықталған, нәтижесінде 1 компьютерді пайдаланатын оқушы саны 5,47 бірлікке жетті. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы және интернет желісін пайдалану қызметі 31 мектептің барлығында орнатылған. Сонымен қатар 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда 2 мектептің құрылысын жүргізу қолға алынған. Жобаға сәйкес, 1500 оқушы заман талабына сай салынған мектептен білім алатын болады. Оның бірі  Шардара қаласындағы 4-ші мөлтек ауданына 1200 орындық, екіншісі жоғарыда аталған  Өтеғұл мөлтек ауданына 300 орындық мектеп.

Ауданда 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 3 спорт клубы орналасқан, аталған мекемелерде спорттың 25 түрі дамытылып, 6 мыңнан астам баламен жұмыс жасауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер