Полиция мектеп қауіпсіздігін тексерді

image.png

Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков бүгінгі күнді Н.Оңдасынов атындағы мектептің қауіпсіздік жүйесін тексерумен бастады. Білім ошағында орналастырылған «дабыл батырмасын» басып, қызметін бақылады.

Сонымен қатар мектеп оқушыларымен кездесіп оқушылар арасында қазіргі таңда белең алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққтың, бопсалаудың, өз-өзіне қол жұмсау, сырттай мүлікті жасырын жымқыру, денсаулыққа қасақана зиян келтіретін (есірткі немесе психотроптық, синтетикалық есірткі, электронды қоспасы бар темекі бұйымдары, қорқор т..б.) заттарды қолданудың алдын алу, лудомания, кибербуллинг секілді үлкен ауқымды тақырыптарда еркін түрде жиналыс өткізді. Жиын барысында Әділбек мырза аталған мектептің түлегі екенін, айтылған ескертулерге бей-жай қарамай, мектеп оқушыларын білім, спорт, өнерге қатыса отырып мектебіміздің атын тек жақсы жағынан көрсетуге шақырды. Сонымен қатар мектепті аралап, «Ардагер ұстаздар» стендіне өзіне ұстаздық еткен ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсетті. Оқу кабинеттерін аралап көріп, өзінің оқыған сыныбына барып, балалық шаққа саяхаттап қайтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер