Бас ұстаз Мақтааралға барды

image.png

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен №50 Үлгілі жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы күрделі жөндеуден өткізу керектігін айтты. 1976 жылы пайдалануға бергеннен бері, күрделі жөндеу көрмеген білім ордасының терезелері ескі, ағаш терезелер. Салқын кірмесін деп тіпті күлеңке қағып қойған. Зерделеу жұмысын қосымша жүргізіп, күрделі жөндеуге сұраныс болса беру керектігін тапсырды. Модульді әжетханамен қамтамасыз етілген. Бұл мәселе де күрделі жөндеу жұмыстары арқылы шешімін табады дейді Ғалымжан Сұлтанбекұлы. 

Ал ауданмен аттас №5 Мақтаарал гуманитарлы-қоғамдық пәндер бағытындағы мектеп гимназиясы да 1976 жылы қолданысқа берілген. Бұл білім ордасындағы терезелер де ескірген. Алайда қазіргі таңда 70% жаңарған. Қалған жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Спортзалдың жағдай жарамды, десе де жөндеуді қажет етеді. Асханасында бір мезетте 160 бала тамақтана алады. Білім ұясында 635 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Олар кестеге сәйкес әртүрлі легпен келіп тамақтанады. Білім мекемесін толық аралап, жұмысымен танысқан Ғалымжан Сұлтанбекұлы күрделі жөндеуге сұраныс беру керектігін тапсырды.

Мақтааралдағы сапар соңында басқарма басшысы Қасым Қайсенов атындағы №51 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесін көрді. 3 корпустан тұратын мектептің жаңа блогы 2019 жылы берілген. Ал, ескі корпусы 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қауіпсіздігі жүйесі қалыпты жағдайда. Қоршауы, арнайы күзет пен бейнебақылау, дабыл батырмасы іске қосылған. Бір мезгілде 341 оқушы оқу- тәрбие алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер