Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттытап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына Алғыс хат табыс етті.
Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда Тәуелсіз мемлекетіміздің Көк байрағы биікке көтеріп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерге құрмет көрсетілді.
Мерекеге орай, рәміздер керуенін жолға шығарып салып, аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ақ батасын беріп, әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 24 жылдан бері атап өтіп келеді. Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған.
Айта кетейік, Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған. Мемлекеттік мекеме маңдайшаларында Ту міндетті түрде болуы керек. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды. Жаңа Әнұран бірінші рет сол жылы 11 қаңтарда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Қазақстандағы ең үлкен ту елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Биіктігі – 111 метр. Кешен 2009 жылы салынған. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның Туы Жерді 150 рет айналып ұшты.