Спорт бізді біріктіреді

image.png

Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Жаңа ауыл елді мекенінде Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Елов Шерзодтың ұйымдастыруымен «Спорт бізді біріктіреді» атты ұранмен халықаралық футбол турнирі болып өтті.

Спорттық шараның мақсаты - достық пен татулықты нығайту, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру сондай-ақ, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарысқа көрші Өзбекстан елінен, Түркістан облысынан және ауданымыздан 32 команда бақ сынасты.

Қызықты да тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Абай а/о Жүзімдік, ІІ орын Шардара, III орын Жаңа ауыл және Гүлістан командаларына бұйырды. 

Турнир соңында барлық жүлдегер командалар мен әдемі ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар  кубоктармен,  медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер