«Домбыра – ұлттың ардағы» деген ойды негіз етіп, бүгін Ұлттық домбыра күніне орай Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылдық округінің әкімшілігінде «Ұлтымның ұлы аспабы - қасиетті қара домбыра» тақырыбында күй тарту іс-шарасы өтті.
Шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдың 13 маусымында "Домбыра күні" мерекесін белгілеу туралы ресми шешім қабылданды. Сол жылы 1 шілдеде осы мереке аталып өтті. Домбыра күнін атап өтудің негізгі мақсаты – қазақтың музыкалық мәдениетін насихаттап, ұлттық аспап – домбыраның қадір-қасиетін бағалау. Ежелден бері домбыра қазақтарды қуаныш пен қайғыда бірге алып, әуендер арқылы халықтың тарихын, оның дәстүрлері мен мызғымас құндылықтарын баяндап берді. Осы аспапта және күйде ойнау өнері отбасылық мұра сияқты атадан балаға ұқыпты түрде беріліп отырды.
Аталған іс-шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас ауданының филилалы мен Түлкібас ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, Тастұмсық ауылдық кітапханасының қызметкерлері және күйші, Тастұмсық ауылдық округінің әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.